Алдын ала мәліметтер бойынша лаңкестік актіні жанкешті әйел жүзеге асырған. Ол аулаға діндарлармен бірге кіріп, шейхтың қасына жақындай түсіп, халық толып тұрғанда өзін жарып жіберген», - деді республикалық ІІМ-індегі дереккөз.
Қазіргі кезде - жанкешті, шейх және бес діндар көз жұмғаны белгілі болды. Олардың ішінде ата-анасымен бірге еріп келген 12 жасар бала бар, ол да шейхтың туысы. Тағы бірнеше адам жараланған.
Шейхтың үйінде тергеу тобы жұмыс істеуде. Шейх Саида Афанди (Саид Ацаев) 1937 жылы Шіркей ауылында туған. Ең ықпалды дін басшыларының бірі. Шешен Республикасы мұсылмандар діни басқармасының өкілі мүфти Исмаил Бердиевтің айтуынша, ол уақапшыларға қарсы болғаны үшін құрбан болуы мүмкін.
04:28, 29 Тамыз 2012
Дағыстанның дінбасы өлтірілді
АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Дағыстанның діни көшбасшысы, шейх Саид Афандиға қастандық жасалды. Оның үйіне құлшылық ететін жамағат ретінде ұрланып кірген лаңкес жанкешті-әйел бомбаны іске қосқан, деп хабарлады Утро.ру.