Дағыстанның екі тұрғынынан сібір жарасы анықталды

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - Дағыстанның екі тұрғыны сібір жарасы диагнозы бойынша ауруханаға жатқызылды. Олардан аурудың белгісі қой етін жеген соң пайда болған. Қазір аурулардың жағдайы қанағаттанарлық. Бұл туралы Оңтүстік аймақтық орталығы ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері хабарлады. Ауруды жұқтарған адамдар тұратын мекенге сібір жарасының жедел алдын алу шаралары өткізілді.

Бұл туралы ақпаратты Утро.ру агенттігі хабарлады.