Дағыстанның Каспийск қаласында жарылыс болды: қаза болғандар бар

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - 18 шілдеге қараған түні Дағыстанның Каспийск қаласында қуатты жарылыс болды, деп хабарлады республиканың Ішкі істер министрлігінен.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреулер Орджоникидзе көшесінде полиция көлігін жарып жіберді.

Жарылыс Мәскеу уақыты бойынша сағат 02.00 шамасында болған. Жарылыс салдарынан 1 адам қаза болып, тағы екі адам жеңіл жарақат алған, оның біреуі - ішкі істер ведомствосының қызметкері.

Полицейлер оқиға орнынан қатты зақымданған УАЗ полиция көлігін тапты. Қазір онда тексеру-тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.