Daily Mail: АҚШ-та 9 баллдан асатын жер сілкінісі болуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың жағалау аймағында 2100 жылға қарай алып цунамимен бірге 9 балдан асатын жер сілкінісі болуы мүмкін. Бұл туралы сейсмологтарға сілтеме жасап Daily Mail хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, жоғары дәлдіктегі су асты картасын жасау технологиялары арқылы жүргізілген зерттеу Каскадты су асты аймағында геостатикалық белсенділік белгілерін анықтаған.
Ғалымдар мұнда Солтүстік Американың жағалауында Канададан Калифорнияға дейін созылып жатқан 970 шақырымдық төрт үлкен жарық сегментін тапты.
Атап өтілгендей, бұл аймақтағы жер асты дүмпулері бүкіл жағалау инфрақұрылымын бұзып қана қоймай, су мен атмосфераны ластауы мүмкін.
Жер сілкінісінің күші 9 балдан жоғары болса, цунамидің биіктігі шамамен 30 метрге жетуі мүмкін. Мұндай сценарийде 10 000-нан астам адам табиғи апаттың құрбаны болу қаупі бар, ал Орегон мен Вашингтондағы шығын 80 миллиард доллардан асады.
Мұндай жер сілкінісі АҚШ-та 1700 жылы болған.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай оқиғалар 500 жылда бір рет қайталанады.
Еске сала кетейік, Аляска жағалауында 7,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.