Daimler концерні 1 млн Mercedes-Benz автомобилін кері қайтарып алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістің Daimler автомобиль концерні әлемнің түкпір-түкпірінен 1 миллион Mercedes-Benz машинасының жаңа моделін жанып кету қаупіне байланысты кері қайтарып алатындығын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters аталмыш концернге сілтеме жасап хабарлады.

Компанияның деректеріне қарағанда, жанып кетудің 51 оқиғасы тіркелген. Абырой болғанда, бәрінде де жараланғандар немесе қаза тапқандар болған жоқ.

Хабарламада жаңа автомобильдер сату тоқтатылғандығы атап өтіледі.

Қайтарып алу 2015-2017 жылдары шығарылған С және Е, сондай-ақ СLA, GLА және GLC кластарына қатысты болып отыр.

Бұл шара американдық нарықта шілде айында, ал АҚШ-тағы көлік иелеріне наурызда басталады.

Айта кетер жайт, осы 1 миллион автомобильдің 307 мыңы АҚШ-тағы Mercedes-Benz-ке арналған ірі базарда қайтарып алынады.

Бұдан кейін Қытай мен Германия тұр. Ал өзге елдерде Mercedes-Benz-ті кері қайтарып алу мерзімі әзірге айтылмай отыр.