Материал істеріне сүйенсек, жазасын өтеушілер іс-әрекеттерінің қоғамдық қауіпті сезіне отырып және заңға қайшы екенін біле тұра өз айналасында радикалдық діни идеологияны насихаттап, отбасымен Сирия мен Ирак аумағындағы «ДАИШ» халықаралық террорлық ұйым қатарына кіруді жоспарлаған.
13:08, 09 Желтоқсан 2015
«ДАИШ» ұйымына отбасымен қосылуды жоспарлаған Астананың екі тұрғыны сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты 2015 жылғы 8 желтоқсанда терроризмді насихаттағаны үшін елорданың екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, олар мүлкін тәркілей отырып, жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.