«Дакар» ралли сыны өтіп жатқан жердегі апаттағы алғашқы кадрлар

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда Буэнос-Айрестегі "Дакар"-2016 жарысындағы оқыс оқиғаның алғашқы кадрлары желіде пайда болды.

Жазбада болған оқиғаға дейін адамдар жарысты қызығып тамашалап отырғанын көруге болады. Кенеттен жақындап жатқан көлік көрермендер жағына сырғып, абыржыған халық жан-жаққа қашты.

Аргентиналық C5N телеарнасы оқыс оқиғадан кейін түсірілген видеоны жариялады.

​Қытайлық Го Мэйлиннің автомобилі қоршаудан шығып кетіп, көрермендерді соқты. Оқиға салдарынан кем дегенде сегіз адам жапа шекті, оның ішінде жүкті әйел бар, деп жазды РИА Новости.