Алтынның нарықтық құны 190 мың долларға бағалануда.
Кеденшілер әуежайға келген ықтимал контрабандашылар туралы ақпарат алды. Іздеу операциясы барысында иммиграциялық аймақтағы жәшіктен он алтын құймасын тапты.
«Контрабандашылар біздің офицерлердің ерекше белсенділігін көріп, алтыннан құтылуға асыққан болуы мүмкін», - деген кеден қызметінің өкілі Мойнул Ханның сөзін келтіреді Daily Star басылымы.