Дәл қазір Астанада қай жолдар жабық тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Астана әкімдігі қала көшелеріндегі қазіргі жағдайды хабарлады.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Сарыарқа даңғылы бойында Тұлпар көпірінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін жол қозғалысы 30 масымға дейін ішінара жабық.

— Сұлукөл көшесі бойында Еңлік Кебек көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін жол қозғалысы 30 маусымға дейін толық жабық. 

— Абат-Байтақ көшесі бойымен Байсейітова көшесінен Бейсекова көшесіне дейін жол қозғалысы 30 маусымға дейін ішінара жабық.

— Тәуелсіздік даңғылы бойынша Қошқарбаев көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін жол қозғалысы 24 маусымға дейін ішінара жабық. 

— Қабанбай батыр даңғылы мен Ұлы Дала даңғылының қиылысында жол қозғалысы 23 маусымға дейін толық жабық. 

Жолдағы жағдайдың сызбасын мына сілтемеден көруге болады.