Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі күніне қараған түні үлкен автономдық траулер Охот теңізінің акваторийінде, Магаданнан 300 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Қайғылы оқиға кезінде кеменің бортында 132 адам болды. Соңғы мәліметтер бойынша, олардың 56-сы қаза тауып, тағы 13 адам із-түссіз жоғалып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа сеңмен соқтығысу салдарынан пайда болған тесік себеп болуы мүмкін.