Жобаны Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы және «Sauvage» компаниялар тобы ұйымдастырды.
Ол екі бөлімнен тұрады: білім бағдарламасы және шығармашылық байқау. Білім бағдарламасына қатысу осы жоба аясында өтетін сурет байқауына қатысуға міндеттемейді.
«Білім бағдарламасына қатысу халықтың экологиялық мәдениеті мен халқымыздың мәдени мұрасына жүгіну арқылы Жерді сақтауға үлес қосу мүмкіндігі туралы бірқатар тренинг пен дәрісті қамтиды. Жобаның білім бөлімі 1-7 маусым аралығында, ал шығармашылқ байқау 8-30 маусым аралығында өтеді. Шығармашылық, сән индустриясы, дизайн, мәдени және тарихи мұралар саласындағы үздік халықаралық сарапшылар жобаға қатысушыларға: интеллектуалды және саналы сән, жаңа экологиялық әдеттер және тағы басқа тақырыпта дәріс оқиды»,-дейді қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының өкілі Айсұлу Аяпбергенова.
Жоба ұйымдастырушыларының бірі Ирина Нечаеваның айтуынша, «Дала ДНҚ» – ата-бабамыздың тарихи, мәдени және рухани құндылықтарына негізделген жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруға бағытталған Қазақстанда бұрын болмаған бірегей жоба.
«Пандемия кезінде адамдар экология тақырыбының қаншалықты өзекті екенін түсінді. Бірақ біз өзімізді тауда қалай ұстау керектігін білмейміз. Жобада осы мәселе қамтылады. Бұл жай сурет байқауы емес. Білім бағдарламасына қатысу арқылы қатысушылар өз әлеуетін арттырып, қоршаған ортаны сақтау тақырыбында білімін кеңейтіп, «Дала ДНҚ» суреттер мен иллюстрациялар байқауына қатысып, ұйымдастырушылардың барлық талаптарына сай байқау жұмысын дайындауға мүмкіндік алады», - деді Ирина Нечаева.
Байқау үш номинация бойынша өтеді:
- «Тарих – біздің болашағымыз» номинациясының мақсаты: Қазақстан территориясында өмір сүрген, қазақтардың ата-бабасы болып табылатын халықтардың мәдени мұралары мен қазіргі әлем шындығымен үйлесімді тоғысуын бейнелеу.
- «Бірлік» номинациясының мақсаты: Планетадағы барлық халықтың бірлігі мен теңдігін нәсіліне, жынысына, тіліне немесе дініне қарамай бейнелеу және «ғаламдық азамат», «әлем азаматы» ұғымын ашу.
- «Жандану» номинациясының мақсаты: Тұрақты дамуға ұмтылатын Жердің кез-келген азаматы № 6, 12, 13, 14, 15 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосатын әлемді бейнелеу.
Байқауға 7 мен 65 жас аралығындағы кез келген адам (үш жас санаты бойынша: 7–12 жас, 13–18 жас, 19–65 жас) қатыса алады.
Ең үздік жұмыстар тақырыптық сурет көрмесіне енгізіліп, олардың авторлары дипломмен марапатталады.