2006 жылдан бастау алған аталмыш шара биыл 7-ші рет өткізіліп отыр. Осы сияқты шаралар Беларусь, Ресей, Украина, Германия, Жаңа Зеландия, Эстония, Өзбекстан және тағы да басқа елдерде дәстүр ретінде өткізіліп тұрады.
Аталмыш шараға орай ұйымдастырушылар биылғы жылы дала қырандарына көңіл аудару мақсатында сурет, фото байқаулар сынды әр түрлі шараларды өткізуді жоспарлауда.
Қазақстанда дала қыраны кең даланың символы болып табылады. Сондықтан болар әр қазақстандық оны жақсы біледі. Бүгінде дала қыраны еліміздің бірқатар аумағында мекендейді. Өкінішке орай, соңғы жылдары оның саны едәуір азайған. Оған жоғары вольтті электр желілері, браконьерлік, үйде ұстау үшін заңсыз аулау, тұлып жасау мақсатындағы ату және т.б себептер әсер етуде.
Сондықтан дала қыраны мемлекеттің ерекше қорғауына алынған және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.