Далай-ламаның Тайваньға баруына рұқсат берілді

АСТАНА.  Тамыздың 27-сі.  ҚазАқпарат -  Тайвань  Үкіметі    тибет буддашыларының   діни  көсемі  XIV Далай-ламаның аралдық мемлекетке  сапар жасауына рұқсат берді,

деп  хабарлайды   РБК агенттігі.

Тайвань  Президенті Ма Инцзю  бүгін осындай күтпеген  мәлімдеме  жасады.   Далай-ламаның   сапары  «Моракат»   жойқын дауылынан  зардап шеккендер мен  қаза тапқандардың   отбасыларына жұбаныш  әкеледі, деп пайымдалуда.

Құрлықтағы Бейжіңмен     белсенді байланыс  орнатқан   Тайвань  әкімшілігінің  бұл шешімі    Бейжіңнің   ашуын  туғызуы мүмкін.   Қытай  өкіметі   Тибеттің    қудаланған    діни көсемін   қытай  қоғамына  жік салушы күш деп  санайды.