Барша бокс сүйер қауым күткен жекпе-жек 17 қыркүйекте Арлингтонда (Техас) «AT&T Stadium» өтеді. Джонс бұл кездесу ең кемі 60 мың көрерменді жияды деген сенімде.
Джерри Джонс Канело - Головкин жекпе-жегін ақпанда «Даллас Ковбойз» аренасында өткізуді ұсынды. «AT&T Stadium» жалпы сыйымдылығы 80 мың көрерменді құрайды.
7 мамырда Канело британиялық боксшы Амир Ханмен айқасады. Жеңген жағдайда Головкинмен кездеседі.