33 жастағы хоккейшінің келісімшарты 2014 жылдың 30 сәуірінде аяқталады. Спорт басылымдарының жазуынша, оның «Барыс» клубына қайта оралуының басты шарты ретінде Даллмэннің Беларусь елінде өтетін әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында ойын көрсетуі жөнінде талап бар.
Спорт-Экспресс сайтының хабарлауынша, Даллмэн астаналық командамен 3 жылға келісімшарт жасамақ. «Барыс» сапында хоккейші 2008-2012 жылдар аралығында төрт маусым бойы ойнаған болатын.
Биылға маусымда Кевин Даллмэн чемпионатта өткізген 29 матчта 9 ұпай (5 4) және плей-офф кезеңінде өткен 10 ойында 9 ұпай жинады.