Дамаск қорғаныс қабілетін нығайту үшін Анкараға жүгінеді

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — Түркия Сирияның аумақтық тұтастығын қолдайтынын растады және Сириялық демократиялық күштерге қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Анадолы.  

Сирияның Эс-Сувейда қаласындағы қақтығыстар мен Израильдің Дамаскке жасаған шабуылдарына қатысты журналистердің сауалдарына жауап берген дереккөздер, Израиль шабуылдарының күшеюі әсіресе Сирияның оңтүстігіндегі Эс-Сувейдада друздар қауымдастығы мен Дамаск әкімшілігі арасындағы шиеленісті арттырғанын мәлімдеді.

Дереккөздердің айтуынша, Түркия Сирияның аумақтық тұтастығын қорғау, тұрақтылықты қамтамасыз ету және террорлық ұйымдарға қарсы күрес бағытында табанды ұстаным ұстанып отыр.

— Ұлттық қорғаныс министрлігі Сирияның жаңа үкіметімен тығыз жұмыс істеп келеді. Түркияның басты мақсаты — Сирияның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын қолдау, сондай-ақ өңірде берік бейбітшілік орнатуға бағытталған күш-жігерге жетекшілік ету, — деп хабарлады Түркия Қорғаныс министрлігі.

«Сириялық демократиялық күштердің» Сирия үкіметімен ықпалдасуына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берген Түркия Қорғаныс министрлігіндегі дереккөздер бұл мәселенің Түркия мен бүкіл аймақ тұрақтылығы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

— Сирия үкіметі мен «Сириялық демократиялық күштері» арасында 10 наурызда келісілген мәселелердің ел ішіндегі ахуалға тікелей ықпал ететінін ескере отырып, біз бұл тұрақтылыққа қол жеткізуге барынша ықпал етпекпіз. «Сириялық демократиялық күштері» — террористік ұйым ретінде — Дамаск үкіметімен жасалған келісімді нақты орындайтынын дәлелдеуі тиіс. Бұл мәселедегі жағдайдың даму барысы тиісті мекемелеріміздің жіті бақылауында, — деді олар. 

Айта кетелік Түркияда тыйым салынған FETO ұйымының 400-ге жуық жақтасы ұсталған еді