АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Сирия астанасы Дамаск орталығында қатты жарылыс болды. "Әл-Ихбария" мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, жарылыс мектептен алыс емес жерде орын алды және мерт болғандардың арасында балаларда болуы ықтимал, деп жазады ВВС.
Ассошиэйтед пресс мәліметтеріне қарағанда, бомба қойылған автокөліктің жарылуы кезінде 10 адам қаза болды.
Жарылыстан кейін автоматикалық қарудан қарқынды атыстар да байқалған көрінеді.
Айта кетейік, сириялық үкімет пен оппозиция арасындағы қақтығыс 2011 жылдың наурызынан жалғасып келеді. БҰҰ деректеріне сүйенсек, осы уақыттан бері Сирияда 70 мыңға жуық адамның өмірі қиылды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.