Бұл туралы агенттіктің меншікті тілшісі хабарлады.
SANA мәліметінше, жарылыс сейсенбі күні мина қойылған автокөлікте болған.
Оқиға салдарынан бір әскери қызметкер қаза тауып, тағы 23 адам жараланған.
Сирия қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бұған дейін әскери бөлімше Баб-Шарки ауданындағы ведомство ғимараты маңынан қолдан жасалған жарылғыш затты анықтағанын мәлімдеді.
Әскерилер оны залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде жақын маңда жарылғыш зат тиелген көлік жарылған.
Сирия Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем және төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Наджиб ан-Наасан зардап шеккендердің жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілгенін айтты.
Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілген.
Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті ешбір топ мойнына алған жоқ.
Осыған дейін АҚШ әскерінің Сириядан кеткені туралы жаздық.