Соңғы мәліметтерге қарағанда, құқық қорғау органдарына ел астанасының батысындағы Букейн мен Мадая қаласының 350, ал Дарая елді мекенінің 82 содыры өз еріктерімен берілген. Олардың барлығы да лаңкестік әрекеттерге қатыстылығы тексерілгеннен кейін бостандыққа шығарылды.
Негізгі деректерге қарағанда, Дамаскіде және елдің басқа да аудандарында соғыс іс-қиылдарын тоқтатуға бағытталған 70 келісім бар. Бірқатар өңірлерде содырлар қарсылық танытуларын тоқтатып, Сирияның әскери қызметшілерімен және ұлттық қорғаныс күштерімен бірлесіп, көшелер мен жолдарға шолғыншылыққа шығуда. Әскери билік олардың қарамағына жеке қаруларын қалдырып отыр.
Елдің ұлттық татуласу мемлекеттік министрі Әли Хейдардың пайымынша, қарулы оппозицонерлермен ымыраластыққа келу жанжалды біртіндеп реттеуге мүмкіндік береді.