Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті. Ел билігі бұл жайтты лаңкестерге теліп отыр. Бүгін БҰҰ инспекторлары Four Seasons қонақ үйінен шығып, химиялық қару қолданылды делінген Дамаскіге тақау Гута ауданына тергеу амалдарын жүргізу үшін шықты. Сирия үкіметі кеше БҰҰ эксперттерінің химиялық қару қолданылуы ықтимал ауданға бару кестесін келіскен болатын.
16:18, 26 Тамыз 2013
Дамаскіде БҰҰ сарапшылары шабуылға ұшырады
АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Химиялық қарудың қолданылғаны туралы ақпаратты тергеу үшін Сирияға келген БҰҰ сарапшылары шабуылға ұшырады. Олар Дамаскінің орталығында тұрақтаған қонақ үйдің жанында минометтің 2 минасы жарылды, деп хабарлады Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігі.