Дамаскіде содырлар үкіметтік газеттің журналисін өлтіріп кетті

None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Cейсенбі күні Дамаскінің оңтүстігіндегі Тадамун ауданында «Тишрин» үкіметтік газетінің тілшісі өлтірілді, деп хабарлайды Ресей Жаңалықтар агенттігі жергілікті САНА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.   

«Бір топ лаңкес бүгін журналист Наджи ас-Саадқа шабуыл жасап, оны Тадамун ауданында үйінен жұмысына бара жатқан тұста өлтіріп кетті», - делінген агенттік хабарламасында.  

«Тишрин» (Қазан) күнделікті газеті Сирия үкіметінің ресми басылымы болып табылады. Агенттіктің атап өтуінше, оппозиция содырлары елдегі ең таңдаулы мамандарды қасақана өлтіру арқылы сириялық үкіметтің күшін әлсіретуді көздейді.