Дипломаттардың хабарлауынша, осы аптада Дамаскіден Донова Татьяна атты қазақстандық төрт баласымен елге қайтарылды. Оның сөзіне қарағанда, Сириядағы жағдай күннен күнге асқынып барады.
Арнайы үкіметтік бағдарламаға сәйкес, Сириядағы ҚР азаматтарын отанына қайтару бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, отандастарымызға, олардың көбісі сириялықтарға тұрмысқа шықққан әйелдерге мемлекет есебінен елге қайтуға билет алынып берді. Сондай-ақ тиісті құжаттарды дайындауға консулдық көмек те көрсетілуде.
Сириядағы қарулы оппозиция мен үкіметтік әскерилер арасындағы ауқымды шиеленіс 2011 жылдың наурыз айынан бері жалғасып келеді. БҰҰ мәлеметері бойынша, бұл уақытта 100 мыңнан астам адам қаза болды.