Келіп түскен соңғы мәліметтер бойынша, ғимаратта барлау қызметінің басшылары мен министрлер кабинеті өкілдерінің кездесуі өтіп жатқан. Қаза болғандар мен жарақаттанғандардың ішінде жоғары лауазымды тұлғалар бар. Елдің Қорғаныс министрі Дауда Ражданың қаза болғаны туралы нақты белгілі болды.
Сонымен қатар бүлікшілер хабарлағандай, олар президенттің сарайы орналасқан ауданға басып кірген. Олар мәлім еткендей, тек соңғы тәуліктерде Дамаскіде үкіметтің 60 сарбазы ажал құшты, әскери тікұшақ атып құлатылды.
Билік өкілдері өз кезегінде Дамаскіге баса көктеп кірген содырлар оқшауланып, қазіргі уақытта олардың көзін жою бойынша операция өтіп жатқандығын хабарлады.
17:30, 18 Шілде 2012
Дамаскідегі теракт: жарылыс министрлер кеңесі барысында болды
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Сирияның астанасында кезекті ірі теракт болды. Жанкешті-содыр ұлттық барлау қызметінің штаб-пәтерінде өзін-өзі жарып жіберді. Лаңкестік акт туралы ақпаратты Сирияның мемлекеттік телеарнасы растады, деп хабарлады РБК.