«Қаза тапқандар саны 70-ке жуықтады, ондаған адам жарақат алған, олар ауруханаға жеткізілді», делінген агенттік хабарламасында.
Әлденеше жарылыс 21 ақпан күні Сеида Зейнаб атты шииттер кварталында болды. Дамаск полициясының мәліметінше, үш жарылысты жанкешті-террорист ұйымдастырған. Тағы бір жерде жарылғыш зат толтырылған көліктің күлі көкке ұшқан.