Дәметкен Келімбет бірінші раундтан бастап шабуылға көшті. Сериялық соққылары да шебер өтті. Хирута Мицуки болса, үнемі шегініп жүрді. Қарымта шабуылдарға ден қойды. Ал Дәметкен Келімбет қарсыласының қолды төмен ұстап жүргенін пайдаланып, оң қолымен де, сол қолымен де соққы жасап жүрді. Екінші раундта сәл шаршап қалса да, өз шабуылдарын бәсеңдетпеді.
Үшінші раундта қазақ қызының қысымы күшейе түсті. Екеуі ортаға тұрып, өзара соққы алмасты. Жапондық қыз артқа шегінуге мәжбүр болды. Қарымта шабуылдары да ұмытпады. Төрешілер шешімімен жапондық боксшы жеңіске жетті. Финалда ол Сәния Сұлтанқызымен кездеседі. Ал Дәметкен Келімбет қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, бүгін алғашқы жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жапондық Намики Цукумиден ұтылып, турнирдің қола жүлдегері атанды.