- Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясы кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Қамшы Көлбаевтың өлімі әлеуметтік желілерде ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды. Оны сынағандармен қатар, қолдайтындар да болды. «Өлтірмей-ақ тұтқынға алуға болмас па еді?» деп сұрағандар да табылды. Сіз бұл операцияға дайындықтан хабардар болдыңыз ба ?
- Мен де бұл туралы сіздер сияқты интернеттен біліп, дереу бас прокурорға әскери прокурорлармен оқиға орнына барып, жағдайды баяндауды тапсырдым. Келгеннен кейін ол маған телефон соғып, атыс болғанын, жараланғандар мен қайтыс болғандар бар екенін айтты. Арнайы операцияның заңдылығына баға беру үшін әскери прокуратура істі жедел қолға алды. Тергеу әлі жалғасуда. Нәтижесін күтейік.
- Жалпы қылмыстық топтар қоғам өміріне, мемлекеттік органдардың қызметіне қалай әсер етеді? Ұйымдасқан қылмыстық топтар мен олардың жетекшілері елімізде болмауы керек деген пікір айтылды. Бірақ қылмыс беделділері кей мәселелерді мемлекеттік органдарға қарағанда тезірек шеше алады дейді. Бұл туралы не ойлайсыз ?
- Дамыған елдерде қылмыстық әлем деген ұғым жоқ, сол себепті дамып жатыр. Қылмыстық орта, әрине, мемлекеттің қызметіне ғана емес, азаматтар мен инвесторларға да кері әсерін тигізеді. Қылмыскерлер заманы өткеннің еншісінде қалуы керек. Қазір 21 ғасыр. Барлығы заң аясында болуы керек. Біреу қарақшылардың қолынан зардап шексе, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлау керек. Біз тезірек дамыған мемлекеттің жолына түсуге тиіспіз керек. Онсыз да даму жолында көршілес елдерден де көп жылдарға артта қалдық.
Осыған дейін Қырғызстанда Камчы Көлбаев ұйымдасқан қылмыстық тобының белсенді мүшесі ұсталғанын жаздық.