Керекуліктер елордалықтарды ұтып осы кезеңде алға басты 6:4 (2:1, 4:3, 0:0). Есеп: 2:1.
«Ертіспен» ойында екі хоккейшімен «жаға жыртысқан» Дамир Рыспаев көзге түсті.
Еске сала кетсек, елордалық «Барыстың» қорғаушысы Дамир Рыспаев қаңтарда «Номад» фарм-клубына ауыстырылған. Фарм-клуб - бас командаға резерв ретінде саналатын команда.
Бұған дейін Дамир Рыспаев Спорттық-тәртіптік комитеттің шешімімен бес матчқа шеттетілген. Ол кезеңде бірнеше мәрте төбелес шығарып, ойыншыларға күш көрсеткен.