«Даму» қоры арқылы несие алып беремін деген алаяқ 4 жылға сотталды

АСТАНА. KAZINFORM — Жәбірленушілер «Даму» қорының бағдарламасы бойынша 100 млн теңге мөлшерінде жеңілдетілген несие алуға жәрдемдесуі үшін алаяққа әрқайсысы 1 млн теңгеден берген.

Фото: Freepik

Ол азаматтармен консалтингтік қызметтер көрсету туралы жалған шарттар жасасып алдаған.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4 млн теңге. Прокурор сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кетелік елде 127 млрд теңгенің алаяқтық операциясына тосқауыл қойылған еді