ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол басқа да қызметкерлермен бірігіп 2006-2007 жылдар аралығында жалған жолмен қордан 60 млн-ға жуық ақшалай қаражатты ұрлаған.
2010-2011 жылдары осы іс бойынша оның барлық сыбайластары алаяқтық үшін сотталған, ал Бауыржан Мольдинов тергеуден жасырынып қалған.
6 жыл бойы ол мемлекеттен тыс аймақта болған, нақтырақ айтқанда, ол Башқұртстандағы таныстарында жасырынып, кездейсоқ табыс көзімен күн көріп жүрген.
Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының өзара ынтымақтастығының арқасында Мольдинов Уфа қаласында ұсталды.
ҚР Бас прокуратурасы ІІМ-нің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне күдіктіні Ресей Федерациясының құзырлы органдарынан қабылдап алуға тапсырма берді.