DamuMed-ке қатысты хакерлік әрекеттер болған жоқ - Абылайхан Оспанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – DamuMed-ке қатысты хакерлік әрекеттер болған жоқ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«DamuMed мәселесінетоқталсақ, бұл жағдайда ешқандай хакерлік шабуыл болмағанын атап өткім келеді.Осыны жүз пайыз сеніммен айта аламын. Бұл ретте бүгінде тиісті құқық қорғауоргандарымен жұмыстар жүргізілуде. Осы жағдай тек адами факторға байланыстыболды», - деді А. Оспанов.

Вице-министр бұлмәселеде Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерімен пікір алмасқанын жеткізді.

«12 адам бойыншамәліметтер ұсынылған. Тексеру нәтижесінен кейін біз тиісті іс-қимылдардықабылдаймыз. Заңнама аясында кінәлілер жазасын алады», - деді АбылайханОспанов.

Бұдан бұрынхабарланғандай, «DamuMed» медициналық ақпараттық жүйесінің құпия мәліметтеріәлеуметтік желіге тарады. Осыған орай «Даму» ақпараттық технологияларкомпаниясы мәлімдеме жасаған болатын.