08:45, 25 Наурыз 2009
Дамыған елдерден пана сұраушылардың арасында Ирак, Сомали, Ресей, Ауғанстан және Қытай азаматтары көп
НЬЮ-ЙОРК. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Басқармасының соңғы баяндамасы бойынша, 2008 жылы дамыған елдерден пана сұраушылардың саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 12 пайызға өсіп, 383 мың адамды құрады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өтініш берушілердің көпшілігі ? аумақтарында қақтығыстар болып жатқан Ирак, Ауғанстан, Сомали сияқты елдердің азаматтары. Пана сұраған Ирак азаматтарының саны 2008 жылы 10 пайызға қысқарған. Дегенмен азаматтары пана сұраушы елдердің арасында бұрынғысынша Ирак көш басында. Одан кейінгі орындарда Сомали, Ресей, Ауғанстан, Қытай, Сербия, Нигерия, Пәкістан, Эритрея және Мексика келеді. Бассауға сұраушылар үшін Құрама Штаттар ең тартымды ел болып отыр. Одан кейінгі мемлекеттердің қатарында Канада, Франция, Италия, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Грекия, Швейцария және Норвегия бар.