Дана Нұржігітова: Жолдау заманға сай жылдам әрекет етуге әсер ететін құжат болмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауын тарихи құжат деп айтуға болады. Бұл сан саланы қамтыған, сараланған салмақты стратегиялық жоспар. Сенатор Дана Нұржігіт осындай пікір біідірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі халықаралық геосаяси шиеленістер мен өз еліміздегі ішкі түйткілдер кез келген адамды абдырайтындай, қобалжитындай жағдайға түсірді. Алайда, көш бастайтын тұлғаның ондай күйге түсуге хақы жоқ. Жолынан таймайтын, нақты жоспары бар адам ғана сыртқы жағдайды елемей, өз траекториясынан ауытқымайды. Біз дәл сондай адамның қолынан шыққан жоспарды көрдік. «Күшті Президент, ықпалды Парламент, халыққа есеп беретін Үкімет» - бұл 2019 жылы Президенттік сайлауға түскен кандидат Тоқаевтың саяси тұғырнамасы болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы сол айтқанынан бүгін де жаңылмады», - дейді Сенат депутаты.