«Данас» тайфуны Тайвань ауыл шаруашылығына 85 млн доллардан астам залал келтірді
АСТАНА. KAZINFORM – Апта басында Тайвань аралына соққан «Данас» тайфуны елдің ауыл шаруашылығына 2,5 млрд тайвань долларына (шамамен 85,5 млн АҚШ доллары) жуық залал келтірді, деп хабарлайды ТАСС.
Аралдың ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, аймақтардан түскен ақпаратты талдау нәтижесінде өнімнің шығыны 1,76 млрд тайвань доллар (60 млн доллар) болған, ал жеке шаруашылықтарға келген шығын 400 млн доллардан (13,6 млн АҚШ доллары) асқан.
Зардап шеккен ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы аумағы – 18,2 мың гектар. Ең көп шығын банан, помело, апельсин және бамбук плантацияларына келген.
«Данас» тайфуны Тайваньның оңтүстік-батыс бөлігін 6 шілдеден 7 шілдеге қараған түні соқты. Тайфунмен бірге жауған нөсер мен секундына 40 метрге жеткен (екпіні 50 м/с) қатты жел салдарынан екі адам қаза тауып, 334 тұрғын зардап шекті. Сол түні 388 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.
Бұған дейін хабарланғандай, Тайваньда «Данас» тайфуны салдарынан екі адам көз жұмып, 500-ден астам адам жарақат алған.
Айта кетелік «Данас» тайфуны: 500-ден астам адам зардап шеккені туралы жазған едік.