Данат Жумин жаңа қызметке тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Данат Жумин ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

Данат ЕсболұлыЖУМИН 1983 жылы 14 сәуірде Қостанайоблысында дүниеге келді.

2006 жылыЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «саясаттанушы», 2009 жылы АҚШМонтана университетін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы және 2017 жылыАҚШ Гарвард бизнес мектебін жоғары басшыларды даярлау бағдарламасы бойыншабітірген.

2003-2007 жылдарыҚазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры.

2009-2011 жылдарыҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институтыректорының кеңесшісі, директордың орынбасары. 2011-2013 жылдары Астанақаласындағы «Apex Consult» ЖШС-нің бас директоры. 2013-2014 жылдары «Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ хатшылығының басшысы, басқарушы төрағасыныңкеңесшісі.

2014-2016 жылдары«Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы. 2016-2017 жылдарыШымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі. 2017-2018 жылдары «Нұр Отан»партиясы орталық аппаратында саяси жұмыстар департаментінің директорықызметтерін атқарған.

2018-2019 жылдарыШымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар