«14 қыркүйектегі жағдай бойынша республикамызда 12.9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Бұл жалпы алқаптардағы 81.3 пайызы. Ағымдағы орташа өнімділік гектарына 9 центнерге жетті, жалпы 11,7 млн тонна астық бастырылды», делінген хабарламада.
Ведомствоның мәлімдеуінше, егін жинау науқаны штатты режімде өтіп жатыр. Сондай-ақ барлық қажетті жанар-жағармай мен ауыл шаруашылығы техникасы толық көлемде қамтамасыз етілген.