Данэлия Төлешова сүйінші жаңалығын жеткізді
01:30, 28 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тәнті болған жас қазақстандық әнші Данэлия Төлешова өзінің қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Данэлия өзінің Инстаграм парақшасында клип түсіргенін хабарлады. Бейнежазылым Youtube желісінде 27 желтоқсан күні жарияланып, оны 7 мыңнан астам адам қараған.
Айта кетейік, әнші қыз Украинаның «Голос. Дiти» байқауын жеңіп алды. Финалда Данэлия өзінің әнінің, даусының шынайы да тереңдігімен көрермендерді тәнті етті. Ал «Не твоя война» композициясы залдағы көрермендердің көпшілігінің көзіне жас үйірді.
Кейінірек Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешоваға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрекжарды лебізін жеткізді.