«Достар,менің көптен күткен «Мама» атты әнім шықты. Біз ұзақ уақыт жұмыс істедік, бірнеше рет қайта өңдедік, көңілімізденшықпаған жерлерін дұрыстадық. Міне, енді жаңа әніміз дайын болды. Бұл менің анамды қаншалықты жақсы көретінімтуралы және жер бетіндегі барлықаналарға арнаған әнім, өйткені әрбір адамның бір ғана анасы бар және онымен өткізген әрбір сәтті бағалау қажет!», - депжазды Данэлия.
Олсондай-ақ, әнші осы шығарманың шығуына көмектескен жандарға алғысын білдірді.
«Мен музыкаәлемінің шебері, әннің авторы, керемет жан Лұқпан Жолдасовқа, әннің сөзін жазған Камилла Даироваға алғысымды білдіргім келеді.Айтпақшы, Камилла «Eurovision Junior » байқауында мен шырқаған шығарманың авторы,сонымен қатар Ерлан Бекчуринге әнді өндегені үшін рахмет айтамын. Вова Котковқа мың алғыс. Мен үшін ештеңеденаянып қалмайтын Наташаға да ризамын », - депатап өткен әнші.