Дани Педроса Жапониядағы MotoGP Гран-при иегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Honda командасының мүшесі Дани Педроса Жапониядағы MotoGP Гран-при иегері атанды. Испандық үшін бұл - маусымдағы алғашқы жеңісі.

11 қазанда Мотегиде өткен жарыста Педроса Yamaha өкілі Валентино Россиден озып, мәреге бірінші жетті. Yamaha өкілі бір күн бұрын біліктілік бәсекесінде жеңіске жеткен Хорхе Лоренсо үшінші орында. Ал Honda өкілі қазіргі әлем чемпионы Марк Маркес Жапонияда тек төртінші орынды қанағат тұтты.

Жалпы есепте Валентино Росси көш бастап тұр. Одан кейін Хорхе Лоренсо мен Марк Маркес келеді. Командалық есепте әзірге Yamaha бірінші, Honda және Ducati екінші мен үшінші орында, деп хабарлады Vesti.kz.