Даниал Ахметов 100 жасқа келген кейуананы мерейтойымен құттықтады

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ғибратты ғұмыры ғасырға аттап, өмір белесінің ең биік заңғарына шыққан Өскемен қаласының тұрғыны, тыл еңбеккері, көпбалалы ана Гүлжазира Нұрсапарқызын бүгін аймақ басшысы мерейлі мерейтойымен құттықтады. Ақ жаулық жауып, ізгі тілегін жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Қос ғасырдыңкуәгері болған Гүлжазира Нұрсапарқызы 1919 жылы Катонқарағай ауданында дүниегекелген. 8 бала өмірге әкеліп, соңынан ерген 5 бауыр-сіңлілерін өсіріп, жеткізді. Өмірлік серігі,соғыс ардагері, екінші, үшінші дәрежелі Даңқ орденінің иегері марқұм Мамырбекақсақалмен бірге өмірдегі бақытты адал еңбек пен өнегелі ұрпақтан тапқанжандар. Бүгінде он немере мен он шөбересінің баға жетпес қазынасы.

– Елбасымыз «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылықатаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деген еді. Ана – адамзаттың қайнаркөзі, ал көпбалалы ана – ұлттың құндылығы мен берекесі, ұлттық тәрбиенің,даңқты дәстүрінің бастауы. Өскелең ұрпақтың өзіңізден алар мұрасы мол. Сонауқуғын-сүргін кезеңінде отбасыңыздың тағдырына түскен қиындыққа қарамастан, 15жасыңызда қиындықтан қорықпай, асыл анаңыз бен бауырларыңызға қамқор болабілдіңіз. Сізге зор денсаулық, мол бақыт, әулетіне береке-бірлік тілеймін, –деді кейуанаға ақжарма тілегін жолдаған аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Әжейдің әкесі «халық жауы» деп айыпталғаннан кейін нағашыағасы анасы мен бауырларын алып, Қытайға бет алады. Шекараға жеткен соң олардықалдырып ауылдағы малды айдап алып кетуге кетеді. Бірақ қайтып оралмайды,себебі оны да ұстап алады. Бұл хабарды естіген 15 жасар Гүлжазира 160 шақырымдыартқа тастап, анасы мен бауырларын тауып, белуардан асқан қарды омбылай олардыауылға алып келеді.


– Анам бір үзім нан тапса да деп інілерін туған-туыстарынамалшы, жалшы етіп қалдырады. Ал анасын туысқан шалға әйелдікке береді. Бұныңбәрі қиын кезеңде олар аштан қатпасын деген қамқорлығы еді. Ең кіші інісінбауырына басып, қолына алды. Әкем екеуі біраз уақыттан соң барлық бауырларынөздері өсіріп, жеткізеді. Жалпы анам өте ақ көңіл, әр нәрседен жақсылық көретінадам. Суырып-салма ақындығы да бар. Соңғы жарты жылда денсаулығы сыр беріпқалды, әйтпесе бүгін де бір шумақ өлеңін шығарып тастайтын еді, – дейді абзалананың ұлы Орынбек Әлімбаев.

Еліміздің ғасырғажуық даму тарихының куәгері Гүлжазира Нұрсапарқызының өмір жолы жастарға өнегеекенін атап өткен облыс әкімі Даниал Ахметов әжей туралы кітап жазу қажеттігінайтты. Ұлттың асыл қазынасы – ақжаулықты әжелердің өнегесі қашанда сабақтастықтауып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы қажет.

Соңғы жаңалықтар