«Клубқа біздің 5 бапкеріміз бен 41 атлетіміз кіреді. Олар бізден табыс алады. Біздің құрама командамыз да сол жерден қаржы алады. Неге десеңіз, ертең олар қалай өмір сүреді? Сол себепті біз сондай көмекті көрсетіп жүрміз», - деді федерация басшысы.
Сондай-ақ, ол бұл ақшаға шетелден келетін білікті мамандарға ақы төленетінін айтты.
«Содан кейін Altay Athletics клубы басқа шет мемлекеттен бапкерлер шақырады. Содан кейін медицина саласында біз үлкен жұмыс істеп жатырмыз. Олар да біздің атлеттерге үлкен кеңес беріп жүр.
Яғни, клубтың жылдық бюджеті – 400-420 млн теңге. Нақты биылғысы – 420 млн теңге», - деді Даниал Ахметов.
Фото: qazathletics.kz