Даниал Ахметов Бұқтырмадағы жағдайды әуеден бақылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында Бұқтырма өзеніндегі мұзды үш тікұшақ бақылап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тікұшақтардың бірінде облыс әкімі Даниал Ахметов пен облыстық департаменттің бастығы болды.

Жару жұмыстарының мамандары мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдерінен құралған жұмыс тобы өзенде сең жүруіне байланысты су тасу қаупі бар жерлерді мұқият тексеріп жатыр.
 

Бұрын ШҚО Зырян ауданында су тасқыны салдарынан 400 адам эвакуацияланған болатын.