Даниал Ахметов пен Қазақстан Республикасындағы, Қырғызстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Канаданың Төтенше және өкілетті елшісі бірқатар ықпалдастық мәселелеріне тоқталды. Аймақ кәсіпорындарымен танысқан елші мырза тау-кен саласындағы байланысты одан әрі нығайтуды ұсынды.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан үшін ауылшаруашылық өнімін жүзеге асырудағы тәжірибесі мол канадалықтармен ауылшаруашылығы саласында тығыз қарым-қатынас орнату мақсаты бар екенін айтып өтті. Шон Стайлл өз кезегінде Канадада үнемі өткізіліп тұратын ауылшаруашылығы көрмелеріне қатысуға және агроөнеркәсіп саласындағы бірлестіктермен танысуға шақырды.
Кездесу соңында ШҚО әкімі елші мырзаға Шығыс Қазақстанда канадалық хоккей мектебін ашуды ұсынды.