Даниал Ахметов құдыққа құлап көз жұмған баланың отбасына көңіл айтты

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Алтай ауданында құдыққа құлап көз жұмған баланың ата-анасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«КішкентайӘлихан Талғатовтың ата-анасы мен жақындарына отбасы тағдырына түскен ауырқайғыларына ортақтаса, көңіл айтамын. Төрт күн бойы аудан әкімі, баршаалтайлықтар, Средигорный ауылының тұрғындары, сондай-ақ еріктілер мен қиынжағдайда шет қалмай, қол ұшын созған азаматтар бүлдіршінді іздеу жұмыстарынақатысты. Қапыда бауыр еті баласынан айырылып қалу – орны толмас қасірет.Кішкентай Әлиханның жарқын бейнесі әрбіріміздің жүрегімізде мәңгі сақталады.Жаны жәннатта болсын! Аудандық әкімдік тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруғажан-жақты көмек көрсетіледі», - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Еске салсақ, 18 тамыз күні ШҚО-ның Алтай ауданында 2 жасарсәби өз үйінің ауласынан жоғалып кеткен болатын. Оны іздеу үшін Өскеменнен арнайы мамандар жіберіліп, әуеден дрон арқылы іздеужүргізілген. 20 тамызда сәбидің мүрдесі өз үйініңауласындағы құдықтан табылды.

Соңғы жаңалықтар