«Жағдай жеткілікті дәрежеде бақылауда. Біз соңғы үш жылда экологиялық мәселелерге 11 миллиард теңге бөлдік. Алдағы үш жылда тағы да 20 млрд теңге қаражат зауыттардың күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінетін болады. Бұл өте көп сома екенін ескеру керек. Бүгінгі таңда экологиялық жағдай барлық нормативтерге сәйкес екенін айта кеткенім жөн. Күкіртті ангидридтің шығарылымы төмендетілді. Сондықтан, жағдай бақылауда деп айтуға болады», - деп атап өтті Даниал Ахметов.
Сонымен бірге аймақ басшысы Өскемен қаласындағы құны 20 млрд теңгелік жаңа технологиялар «Казцинкке», Титан-магнит комбинатына және Үлбі металлургия зауытына енгізілетінін мәлім етті.
«Бірақ, сіз бен бізге қатысты басқа да мәселе барын ескерген дұрыс. Ол қазіргі таңда ауаға түтін тарататын жеке үйлердің көптігі. Ол да экологиялық ахуалды жақсарта түспейді», - дейді өңір басшысы.