Кездесу барысында компанияның бас директоры Николай Руссу жүзеге асқан жобалар мен техникалық мүмкіндіктерді, соның ішінде Қазақстандағы жобалар туралы хабардар етті.
ШҚО әкімі өз кезегінде Ертіс өзеніне, Өскемендегі Виноградов көшесі арқылы көпір тұрғызу жобасына қатысуға шақырды.
Белгілі болғандай, «Мостострой-11» АҚ Ресейдің көпір құрылысымен айналысатын ірі бес компаниясының бірі. Кәсіпорын сондай-ақ өнеркәсіптік-азаматтық, мәдени-әлеуметтік бағыттағы ғимараттар салумен де айналысады.