Даниал Ахметов: ШҚО-да елдегі ең үлкен тұрақтандыру қоры қалыптасты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде кезекті сенбілік ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге барған өңір басшысы Даниал Ахметов сауда нүктелерін аралап, жергілікті өндірушілердің өнімдерінің бағасына қызығушылық танытты және сатушылар мен сатып алушылармен әңгімелесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметінің ресми хабарламасына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде Ұлан ауданының шаруалары өз өнімдерін ұсынды. Олар 28 тоннадан астам өнім, соның ішінде 10 тонна ет өнімі, түрлі сүт өнімдері, жеміс-жидектер алып келген.

«Қараша айынан бері жәрмеңкелер ұйымдастырылған, олардың маңызы зор. Әр аудан Өскемен мен Семейде жәрмеңкелер өткізеді. Мысалы, сиыр етінің бағасы 1 200-1 400 теңге, картоптар 80 теңгеден сатылып жатыр», - деп атап өтті ШҚО әкімі Д.Ахметов.

«Біз еліміздегі ең үлкен тұрақтандыру қорын құрдық - онда 12 мың тоннадан астам көкөніс өнімі бар. Яғни, Өскеменде 40 орында, Семейде 30 орында картоп, сәбіз, қырыққабат пен пияз келісіне 75 теңгеден, тиімді бағамен сатылады. Біз қазір осы бағаны ұстап тұра аламыз. Бағаның шарықтап кетуін жол берілмейді. Осындай жәрмеңкелер бағаны тұрақтандырады», - деді ол.
Еске салайық, демалыс күндері дәстүрлі түрде жәрмеңке ұйымдастырылады. Әр сенбі сайын «Fresh Market» фермерлік гастрономы сатып алушыларды күтеді.