Даниал Рахматуллаев әлемдегі үздік 200 жас теннисшінің қатарына кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кішілер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: ktf.kz

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ирандағы қос бірдей жарыста чемпион атанған Даниал Рахматуллаев 284-тен бірден 189-орынға көтерілді.

Сөйтіп ол әлемдегі үздік 200 жасөспірім теннисшінің қатарына кірді.

Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындап қалды, қазір ол 150-сатыда тұр. Сондай-ақ Максим Батютенко – 176, Виталий Зацепин – 235, Әмір Омарханов – 265, Ілияс Маратұлы – 273, Данир Қалдыбеков – 391, Жақас Қозыбақ 442-орынға жайғасты. Заңғар Нұрланұлы 637-ден 537-ге жоғарылады.

Жасөспірім қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова – 141, Сандуғаш Кенжебаева – 156, Дана Байдәулет – 176, Айя Нұпбай – 193, Ульяна Романова – 403, Полина Слепцова – 447, Іңкәр Дүйсебай – 477, Дильназ Машабаева 498-орында келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдонның ширек финалында жеңіліп қалғанын жазған едік.

Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисшілер Уимблдонда қанша табыс тапты.