Данил Мұсабаев батут гимнастикасында Азиаданың күміс медалін жеңіп алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Данил Мұсабаев батут гимнастикасында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы финалда 57.100 ұпай жинап, екінші орынға қол жеткізді.

Бас жүлде қытайлық Лангю Янге бұйырса, жапондық Хирото Ямада үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетсек, Қазақстан құрамасының қоржынында 44 медаль бар.

Оның бесеуі — «алтын», оны — «күміс» және 29-ы — «қола».

Қазақстандық Алексей Луценко Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында шосседегі веложарыста жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының жеңімпазы атанды.