Данил Мұсабаев батуттық гимнастикадан олимпиада жолдамасына ие болды

Фото: Фото: Олимпик. кз

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан командасы батуттық гимнастикадан олимпиада жолдамасына ие болды.

Olympic.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Котбуста (Германия) өткен әлем кубогі кезеңіндегі жарыс қорытындысына сәйкес Данил Мұсабаев олимпиада жолдамасына қол жеткізді.

Германиядағы әлем кубогі кезеңінде ол 47-орыннан көрінді. Бірақ бес әлем кубогі кезеңінің екеуінде көрсетілген үздік нәтижелер есепке алынады.

Осылайша, спорттың бұл түрі бойынша олимпиадаға іріктеу аяқталды. Парижде 16 ер және 16 әйел өнер көрсетеді. Елдер бойынша Қазақстан 14-сатыға шықты.