АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан командасы батуттық гимнастикадан олимпиада жолдамасына ие болды.
Olympic.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Котбуста (Германия) өткен әлем кубогі кезеңіндегі жарыс қорытындысына сәйкес Данил Мұсабаев олимпиада жолдамасына қол жеткізді.
Германиядағы әлем кубогі кезеңінде ол 47-орыннан көрінді. Бірақ бес әлем кубогі кезеңінің екеуінде көрсетілген үздік нәтижелер есепке алынады.
Осылайша, спорттың бұл түрі бойынша олимпиадаға іріктеу аяқталды. Парижде 16 ер және 16 әйел өнер көрсетеді. Елдер бойынша Қазақстан 14-сатыға шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).